
Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау - мемлекеттің білім алу құқығын және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң және білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі.
Мемлекеттік бақылау білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өз құзыретi шегiнде тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.