Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіру туралы

Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіру туралы

  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің        №170 бұйрығымен Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

   Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында отандық ғылыми журналдарының редакторлары мен баспагерлеріне арналған 5 онлайн-семинар өткізді.

     Вебинарларға 80-нен астам баспалардың өкілдері қатысты.

 Вебинарлар аясында журналдардың мазмұнына, редакциялық процестерді жетілдіру және техникалық баспалардың стандарттарын пайдалануға қойылатын талаптар түсіндірілді.

    Мақалаларға «жасырын» рецензиялау жүргізу (шетелдік рецензенттерді тарту; редакциялық алқада Хирш индексі бар немесе Web of science не Scopus базасындағы журналдарда жарияланымдары бар ғалымдардың болуы; лицензиялық жүйелерді қолдану және т.б.) отандық журналдарға ғылыми контентті сапалы іріктеуге мүмкіндік береді.

  Жалпы, жаңа талаптар халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай туғызады.