
Ғылыми кадрларды аттестаттау бойынша нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру жөніндегі шаралар туралы
Философия докторы (PhD) дірежелерін беру, диссертациялық кеңестер қызметі туралы нормативтік база жетілдірілді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 сәуірдегі №170 бұйрығымен Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіне және Дәрежелер беру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2020 жылғы 16 мамырда күшіне енді.
Жаңа нормативтік талаптарды докторанттарға, ғылыми кеңесшілерге және диссертациялық кеңестеріне түсіндіру мақсатында Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ағымдағы жылғы 29 мамырдан 15 маусымға дейін 16-дан астам он-лайн семинарлар өткізді.
Вебинарларға 50-ден көп жоғары оқу орындары қатысты.
Вебинарлар қатысушыларына докторанттар диссертациясын қорғау үшін қажетті жарияланымдарға қойылатын талаптар; халықаралық рецензияланатын журналдарды даярлау бағыттары бойынша бөлу принципі, диссертациялық зерттеу бағыты бойынша WoS және Scopus деректер базаларында журналды таңдау, нормативтік талаптарына сәйкес журналдармен мақалалардың негізгі параметрлері; академиялық адалдықты бұзу жағдайлары туралы түсіндірілді.
Халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялау үшін таңдаған стратегиясына байланысты докторантқа қажетті жарияланымдар саны 4 немесе 2 немесе 1 мақаланы құрайды.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіндегі өзгерістер диссертациялық кеңестің сапалық құрамын көтеруге бағытталған – диссовет мүшелерінің 2/3 бөлігінде Хирш индексі немесе Web of science базасындағы Q1-Q3 квартиліне кіретін не Scopus бойынша процентилі кем дегенде 35 болатын журналдарда 3 жарияланымы бар болуы қажет (әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар үшін 2 мақала).
Сонымен, өзгерістер докторанттармен ғалымдарды сапасы жоғары ғылыми басылымдарды таңдауға ынталандырады.
Осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.