Астана қаласы ұйымдарының басшыларымен кездесу

Астана қаласы ұйымдарының басшыларымен кездесу

2024 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы Астана қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізу, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, соның ішінде мектептердің өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізуі бойынша түсініктеме берілді. Орта білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізілетін кешенді мониторингтің негізгі мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына мектепішілік бақылауды дұрыс жоспарлау, ҰББҚ (НОБД) толтырудағы кемшіліктер, педагогтарды бос лауазымға қабылдау және т.б мәселелер бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берілді.

Гүлназ Төрәліқызы әрбір мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес болуына, кадрлар құрамына, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагогтеріне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуына баса назар аудару қажеттігін ескертті.