Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бірнеше нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі                                      Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің  бірнеше нормативтік құқықтық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі          Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің    бірнеше нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

 

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 сәуірдегі №170 бұйрығымен  бірнеше нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  1. Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге диссертациялық кеңестің сапалық құрамын жоғарылатуға, академиялық және зерттеушілік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бір-қатар өзгерістер енгізілді. Мысалы, диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 бөлігінде Хирш индексі немесе Web of science базасы бойынша Q1-Q3 квартиліне кіретін немесе Scopus бойынша процентилі 35-тен кем емес журналдарда 3 мақала (әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін – 2 мақала) болуы қажет.

Диссертацияны қорғауға қабылдау үшін диссертацияны орындау және жазу кезінде зерттеу этикасы бұзылмағаны туралы ЖОО-ның Этикалық комиссиясының қорытындысы болуы талап етіледі. Сондай-ақ, ЖОО-лар мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелер бар екенін растайды, ал ҰМҒТСО-да диссертация отандық және халықаралық деректер базасы бойынша тексеріледі. Сонымен қатар, Комитетке жолданатын аттестациялық істегі құжаттар тізімі қысқартылды, қағаз жүзіндегі диссертация жолданбайды.

  1. Дәрежелер беру қағидаларындағы (бұдан әрі - Қағидалар) негізгі өзгерістердің бірі докторанттардың жарияланымдар санының қысқарылуы. Докторантқа қажетті жарияланымдар саны мақалалары жарияланған халықаралық рецензияланатын журналдардың рейтингісіне байланысты 4 немесе 2 немесе 1 болуы мүмкін. Егер WoS базасына кіретін немесе Scopus бойынша процентилі 25-тен жоғары журналда 1 мақала жарияланған болса, онда Комитет ұсынатын басылымдарда 3 мақала жариялану қажет, яғни мақалалардың барлығы 4 болады. WoS базасына кіретін немесе Scopus бойынша процентилі 25-тен жоғары журналда 1 мақала және оған қоса WoS базасында  Q1-Q3 квартиліне кіретін не болмаса Scopus бойынша процентиль 50-ден жоғары журналда 1 мақала болғанда, Комитет ұсынатын басылымдарда жариялау қажет емес. WoS базасында Q1 квартиліне кіретін  журналда шыққан 1 мақала болғанда да Комитет ұсынатын басылымдарда жариялау қажет емес. Сонымен бұл өзгерістер докторанттарды сапасы жоғары ғылыми басылымдарды таңдауға бағыттайды. Сондай-ақ, академиялық адалдық түсінігінің аясы  кеңейтілді, ол казір плагиат болмауын ғана емес, автоплагиат, фальсификация және фабрикация фактілері болмауын көздейді.

Қағидаларда шетелдік дипломдары Қазақстанда диссертациясы сарапталмай және жарияланымдарына талап қойылмай танылатын азаматтар категориялары нақтыланды. Бұл, бұрыңғыдай Қазақстан Республикасының азаматтары - "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілері, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарда өзбетінше диссертация қорғағандар.

Сонымен қатар, дипломдары осындай нұсқамен танылатын топтық қатарға кіретін ЖОО-лар тізімі нақтыланды. Бұл топ 200 ARWU, топ 300 ТHE,топ 300 QS, U.S. News and World Report (Global Score көрсеткіші 65-тен басталады) академиялық рейтингтерінің біреуіне кіретін ЖОО-лар. ЖОО-лар еңбек көші-қон шеңберінде шақырған шетел азаматтарының дипломдары да  диссертациямен жарияланымдары сарапталмай танылады. Осы шаралар еліміздің кадрлық әлеуетін сұранысы жоғары ғалымдармен толықтыруға мүмкіндік береді.

  1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына шетелде алынған дипломның баламалылығын тану үшін дипломның ЖОО мен оқыған елі көрсетілген формасын енгізуге байланысты өзгерістер енгізілді.
  2. Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) енгізілген өзгерістер отандық ғылыми басылымдардың сапасын көтеруге және оларды Web of science және Scopus деректер базаларының халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған.

Талаптар Комитеттің Баспалар тізіміне журналды енгізу үшін олар міндетті түрде мақалаларға «жасырын» рецензиялау жүргізуді, оның ішінде  шетелдік рецензенттер шақырылуымен; редакциялық алқада Хирш индексі бар немесе Web of science не Scopus базасындағы журналдарда жарияланымдары бар ғалымдар болуын қамтамасыз етуді; баспамен аффиирленбеген авторлардың мақалаларын жариялауды қамтамасыз етуді көздейді. Баспаның жарияланымдық этикасының мазмұны ашылды, оның аясында баспалар міндетті турде мүдделер қақтығысын, әдепсіз іс-әрекетті анықтау шараларын көрсету, мақалаларды қайтарып алу немесе түзетулер, кешірім жасау, теріске шығару бойынша нұсқаулықтар болуын қамтамасыз ету керек. Халықаралық баспасөз стандарттарда орындалатын нормалары да еңгізілді - мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйесін қолдану, мақалаларды берудің және рецензиялаудың онлайн жүйесінің болуы, сондай-ақ DOI, транслитерация, библиография,  аннотациялар, кілт сөздері, авторлар туралы ақпарат және т.б..

Басылымдарға қойылатын талаптарға енгізілген осы өзгерістер 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы орайда басылымдардың саны қысқарады деп күтілуде, сапалы контент үшін бәсекелестік артады және бұл жалпы алғанда халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді.