ҚР Оқу-ағарту министрлігінен арнайы топ Түркістан облысына мониторингке шықты

ҚР Оқу-ағарту министрлігінен арнайы топ Түркістан облысына мониторингке шықты

ҚР Оқу-ағарту министрлігінен арнайы топ Түркістан облысына мониторингке шықты. Бұл шара аталған өңірден көптеп келіп жатқан арыз-шағымдарға, сондай-ақ білім саласының басым  бағыттары бойынша жол беріліп жатқан олқылықтарға байланысты ұйымдастырылып отыр.

Арнайы жасақталған құрам ағымдағы жылғы 13-24 қараша аралығында Түркістан қаласы, Арыс, Шардара, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізеді. Комиссия құрамына Министрліктен, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен және оның аумақтық департаменттерінен, білім басқармасының әдескерлері, басқа өңірлердегі білім беру ұйымдарынан 30-ға жуық сарапшы тартылды.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы жалпы құжат жүргізу мәдениеті, кадрлық құрамның сапасы, білім алушыларды мектепке қабылдау тәртібі, оқыту ісі, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейі, тәрбие және ата-аналармен жұмыс деңгейі қаралатын болады.

Білім беру ұйымдарына бір мезетте әдістемелік көмек көрсетіліп, қорытындысы Министрлікке және Білім басқармасына  ұсынылады.