
Комитет өкілдері мен Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары білім берудің өзекті мәселелерін талқылауды жалғастырды.
Спикерлер ретінде Комитеттің басқарма басшылары мен бас сарапшылары баяндама жасады.
Білім беру ұйымдарын бағалау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері, білім беру ұйымдарына бару арқылы профиактикалық бақылау жүргізу критерийлерін белгілейтін №486 бұйрығына енгізілетін өзгерістерге ерекше назар аударылады..
Сондай-ақ білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, мұғалімдердің педагогикалық әдепті сақтау мәселелері талқыланды.
Комитет пен аумақтық департаменттер өкілдерінің дәстүрлі кездесулері жалғасатын болады.