
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Аталған кездесуде білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесудің бірінші бөлімінде спикер ретінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының басшысы Мағжан Амангазы, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Әбдірахманова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогикалық кәсіпті дамыту орталығының директоры Еркебұлан Жұмашов баяндама жасады.
Күн тәртібі бойынша «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасы таныстырылды және «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеудің нәтижелері, оқу процесіне электрондық оқулықтарды енгізу, мектепішілік бақылау мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстарын айта отырып, спикерлерге алғыстарын білдірді.