
Тараз қаласында жыл сайынғы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті.
Республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі – Тамара Дүйсенқызының, Оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаевтың қатысуымен аяқталды.
Биылғы жылы республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өткізілді. Білім саласының негізгі басым бағыттары бойынша мәселелер 20 өңірге бөлінді. Таңдалған формат бір уақытта барлық тақырыптарды ашуға мүмкіндік берді.
12 мыңнан астам педагогтар, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің, балалардың құқықтарын қорғау және білім саласында сапаны қамтамасыз етудің ең өзекті мәселелерін талқылады. 20 мың педагог онлайн режимінде қатысты.
Республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы Жамбыл облысында офлайн режимінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен жалғасты.
Пленарлық отырыста ҚР ОМ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың, Голландиялық сараптама және сертификаттау ғылыми орталығының директоры Арнольд Дж.Бауэрдің, Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Руслан Емелбаевтың, НЗМ дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Айдана Шілібекованың, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.д. Күлзада Құдайбергенованың, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры вице-президенті Әсет Дюсенбаевтың, Шымкент қаласы дарынды балаларға арналған №90 мектептің директоры Арман Орынбековтың, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгуль Калмаханованың баяндамалары тыңдалды.
Білім саласындағы өзекті болып табылатын - білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі, RCEC жүйесі бойынша білім беру сапасын бағалау құралдарын аккредиттеу, ҰБТ тақырыптық талдауы, білім алушылардың білімін критериалды
бағалау, педагогикалық өлшемдер саласында мамандар даярлау, бағалау рәсімдерін цифрландыру, жүйелі басқару мен бақылау, мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Тамыз кеңесі нәтижесінде оқу жылының алдында жаңа міндеттемелер белгіленді.