
Бүгін, 24 тамызда Жамбыл облысының Тараз қаласында білім сапасын бақылау және бағалау тақырыбына арналған 5 секциялық отырыс өтті. Оларға 400-ден астам қатысушы офлайн, 70 мыңнан астам онлайн режимде (2 300 қосылу нүктесі) қатысты.
Панельдік секциялар білім беру саласында жұмыс істейтін жетекші педагогтер мен сарапшылардың басын қосып, тәжірибе алмасу және білім берудің өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.
Секция қатысушылары тәжірибелерімен және үздік әдістемелерімен бөлісті. Іс-шара бағалау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік бақылау шаралары, педагогикалық этика және білім беру процесіне қатысушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Ертең, 25 тамызда Министр мен 20 өңір әкімдерінің онлайн режимде қатысуымен бірыңғай республикалық пленарлық сессия өтеді.