БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫНАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНА БЕТ БҰРУ

БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫНАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНА БЕТ БҰРУ

24 тамызда Тараз қаласында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің «Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбымен панельдік секция аясында «Білім саласында сапаны қамтамасыз етудегі мемлекеттік бақылау шаралары» секциясы өтті.
Секциялық отырысқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы өкілдері, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің мамандары (офлайн және онлайн режимінде) қатысты.
Секция отырысында білім беру ұйымдарына бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау, арыз – шағымдар негізінде және нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексерістерді жүзеге асыру бойынша тақырыптар талқыланып, жинақталған тәжірибемен бөлісу орын алды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап біліктілік және рұқсат беру талаптарының сәйкестігін қарау бойынша жаңа тексерістің түрі енгізілуіне байланысты туындаған сауалдарға жауап берілді.
Ел егемендікке ие болған жылдары мемлекеттік бақылау шаралары да өзгерді, бұл бақылаудан басқа әдістемелік қамтамасыз етуді де көздейді.
Секциялық отырыс барысында спикерлер білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою, тексерудің негізгі мәселелері, мемлекеттік бақылау іс – шаралары кезіндегі бұзушылықтар, олардың алдын – алу шаралары, академиялық адалдық, әкімшілік істерді жүргізу кезіндегі мамандардың құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты.