Биылғы жылы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі 24-25 тамыз күндері Тараз қаласында Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия ғимаратында өткізіледі.
Тамыз кеңесінде білім саласындағы бақылау шараларына қатысты панельдік секциясын Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүргізеді және республика өңірлерінен 40 адам-офлайн, 200 адам-онлайн қатысады деп күтілуде (аумақтық БССҚД қызметкерлері, білім беруді басқару органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының өкілдері).
Панельдік секцияны Департамент басшысы, модератор Д.Ускумбаева жүргізеді және 5 спикер баяндама жасайды.
Атап айтқанда, келесі тақырыптарда:
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезіндегі өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар (Ж.Атенов)
2. Мемлекеттік аттестаттау шеңберінде кешенді тестілеуді өткізу, сауалнаманың рөлі және академиялық адалдық (Р.Балапанов)
3. Мемлекеттік аттестаттау шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы дайындық кезеңі (Ж.Тымбаева)
4. Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын әзірлеу кезіндегі мектеп ұжымының жұмысы (Қ.Танхаева)
5. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі сарапшының рөлі (В.Қырғызбаева)
Сонымен қатар, Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы, оқыту нәтижелерін бағалау, білім беру ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін сауалнама, академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы, білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау кезеңіне дайындығы және білім беру ұйымы ұсынған құжаттарды қарау мәселелері қамтылатын болады.