Іс-шара тәжірибе алмасудың, «Педагог мәртебесі туралы» заңды іске асырудың және педагогикалық этиканы сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.
Тараз қаласында өткізілген панельдік секция жұмысына офлайн форматта 50 адам, онлайн форматта 10 000-нан астам педагогикалық қоғам өкілдері қатысты.
Секция модераторы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Үйлестіру және өңірлік талдау басқармасының басшысы Сейсембаева Арайлым Мырзақанқызы көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, шақырылған спикерлермен таныстырды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыру тетіктерінің педагог құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілеудегі негізгі рөлі туралы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Бекенова Анар Берденқызы баяндады.
Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы Қасымова департамент жанындағы Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі консультативтік-кеңесші органның тәжірибесімен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Абди Бекжан Нұрланұлы еңбек ұжымдарындағы жанжалдардың алдын алу және медиация арқылы тиімді шешу жолдары туралы сөз қозғады.
Білім беру ұйымдарындағы еңбек дауларын шешудегі келісім комиссияларының қызметі бойынша «Жамбыл облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалының төрағасы Орынбеков Жанболат Тунгышбайұлы баяндады.
Меркі ауданы №5 Ақарал мектебінің директоры Қойшыманова Нұрила Сейсембайқызы өз баяндамасында білім беру ұйымын тиімді басқарудағы педагогикалық этиканың рөлін атап өтті.
Панельдік секция соңында Жамбыл облысының «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Кәсіптік даму институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тайғанбекова Шынар Малибайқызы эмоционалды интеллектті қалыптастыру және дамыту бойынша практикалық тренинг өткізді.
Себебі, қатысушылар өзін-өзі басқару, эмпатия және өзара тиімді әрекеттесу дағдыларын дамыту арқылы тек сабақты жақсы оқып, сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар заманауи білім беру ортасында жеке және кәсіби тұрғыдан өсуге ықпал ететін сапалы қатынастар құруға мүмкіндік алады.