Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына жаңа басшы келді

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 24 шілдедегі бұйрығымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Абдрахманова Назира Кабдоллаевна тағайындалды.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы Орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Назира Кабдолаевнада білім саласында үлкен тәжірибесі бар. Білікті маман еңбек жолын Көкшетау облысы, Амандық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімінен бастап, Ақмола облысының Зеленобор орта мектебінің математика пәні мұғалімі, “Тайынша ауданының білім бөлімі” ММ жалпы орта білімі жөніндегі бас маманы болып кейін сектор меңгерушісі және ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысына дейінгі қызметтерді атқарған.