
Кешенді мониторинг нәтижелері бойынша жинақталған өңірлердің «Озық тәжірибелер топтамасын» өзара тәжірибе алмасу хаты негізінде 2023 жылдың 18 шілде күні білім басқармасының «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлесітігімен меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша өңіраралық тәжірибе алмасу семинары ZOOM арқылы онлайн форматта өткізілді.
Семинарға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары білім басқармасларының өкілдері, «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігі мүшелері, тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлер қатысты.
Тәжірибе алмасу семинары – өзге өңірлерге орталықтың үздік, озық деп танылған жобаларымен таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығының директоры Д.Онбырбаева жүргізіп, Алматы облысында академиямен бірлестікте жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Даналық әліппесі» кешенінің авторы, ҰҚА Президиум мүшесі Бижан Құрманғалиевна Игенбаева академияның миссиясы, мақсат-міндеттері, жұмыс бағыттарымен, AlmaU халықаралық университетінің кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Тилла Сарсеновна Сақтағанова жастарды тәрбиелеудегі психологиялық қызметтің маңызылығымен, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елшіманова Гүлдана Нурдиновна мектептегі тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтар негізінде жүргізу барысымен таныстырды. Семинар соңы диалогтық алаңға ұласып, ҰҚА Президиум мүшелері, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері Аягүл Төреевна Миразова, ҰҚА «Балалар ұйымдарындағы ұлттық құндылықтар» саласының жетекшісі, Абай атындағы ҰПУ профессоры, «Атамекен» бағдарламасының авторы Мұхамедрахим Қыдырбайұлы Құрсабаев, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан қатысқан өкілдер ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.