
Білім басқармаларының қызметіне кешенді мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша білім беру саласындағы қызметті жоспарлау және мониторинг жүргізуге қатысты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының жұмыс тәжірибесі үздіктердің бірі болып аталды.
Осыған байланысты тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылғы 17 шілдеде онлайн түрде облыстық оқыту семинары өтті, оған Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Алматы облыстарының, Жетісу, Ұлытау облыстарының білім басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар барысында жоспарлардың құрылымы мен мазмұны, жоспарлау және мониторинг қағидаттары көрсетілді, жоспардың әр бөлімі егжей-тегжейлі талданып, жоспарды орындау мен бақылау жүйесі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ білім басқармасының жоспарындағы іс-шаралар ұзақ мерзімді, стратегиялық құжаттарды іске асыруға бағытталған: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасы, Қостанай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы және т.б.