
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2023 жылғы 14 шілдеде "Batys EDQUAL" жобасы бойынша тәжірибе алмасудың республикалық алаңын өткізді.
Мақсаты - "Batys EDQUAL" жобасының білім беру сапасын арттыру тәжірибесіндегі рөлін өзектендіру, ауыл және қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою бойынша үздік жұмыстарды тарату.
Тәжірибе алмасу алаңына Астана, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім беру қызметкерлері және жобаның серіктес мүшелері қатысты.