
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Тәрбие жұмысының және қосымша білім берудің, балалардың құқықтарын қорғаудың озық тәжірибесі, «Заманауи мектеп» мектептерді жаңарту жобасы» бойынша үздік тәжірибені жинақтау және тарату аясында республикалық семинар өткізілді. Семинарға еліміздің Абай, Жамбыл, Түркістан, Солтүсті-Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесінің пленарлық бөлімінде Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина өңірдегі білім беру саласының жалпы жағдайы туралы мәлімдеді. Семинар барысында Оқушылар сарайының жанындағы "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.
Семинар үш секция бойынша өткізілді: "Тәрбие жұмысы бойынша үздік тәжірибе және қосымша білім беру", "Балалардың құқықтарын қорғау бойынша үздік тәжірибе" және "Заманауи мектебі" жобасы.
Сонымен қатар қатысушылар Павлодар қаласының № 7 ЖОББМ, Малайсары батыр атындағы ЖОББМ, Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебіне, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі мен балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына, Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында да экскурсия жүргізіліп, жұмыс бағыттыры мен жобалармен таныстырылды.
Іс-шара соңында республикалық семинардың қорытындысы шығарылды, қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алуға, өзекті мәселелер бойынша ойларымен бөлісуге және диалог форматында атқарылған жұмыстың негізгі міндеттерін талқылауға мүмкіндік алды.