Абай облысында кешенді мониторинг қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында республикалық семинар-практикум өтті

Абай облысында кешенді мониторинг қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында  республикалық семинар-практикум өтті

2023 жылғы 14 шілдеде Абай облысында тәжірибе алмасу мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған Абай облысының дарынды балаларын анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында «Туристік өлке» бағытын дамыту перспективалары» республикалық семинар-практикумы өтті.

Семинарға Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының әдіскерлері мен қосымша білім беру педагогтері қатысты.

⚪️Семинар аясында қатысушылар үшін Абай көшесі бойынша жаяу экскурсия және қарағайлы орманға «Қасиетті бастаудың ақиқаты мен аңызы» тақырыбында демалыс күні жорығы ұйымдастырылды.

▫️Семинарға қатысушылар семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Абай облысының аудандары мен қалаларында өлкетану, туризм және экологияны дамыту бойынша бай тәжірибесі үшін спикерлерге алғыстарын білдірді.

Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға Абай облысының білім басқармасының алғыс хаттары, сертификаттары, сондай-ақ өлкетану және экология бойынша әдістемелік құралдары табыс етілді.