ШҚО білім басқармасының үздік тәжірибесімен алмасу бойынша республикалық семинар

ШҚО білім басқармасының үздік тәжірибесімен алмасу бойынша республикалық семинар

Үздік тәжірибемен алмасу мақсатында облыстық білім басқармасы 2023 жылғы 12 шілдеде келесі бағыттар бойынша: «ШҚО-да инклюзивті білім беруді дамыту», «Қонақжай отбасы» жобасын іске асыру», STEM-зертхана (Робототехника, Джуниор, Модельдеу, Құрастыру) бағыттарында «Балалар Университеті» республикалық семинар өткізді.
Семинар жұмысына Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстарының білім басқармалары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры Н.В.Ахаева «Балалар университеті» мектепке дейінгі жастағы оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту моделімен таныстырды.
Облыс мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында IT-жобаларды іске асыруды туралы ШҚ ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының м.а. Ж.Т. Сагындыкова және оқушылардың StartUp-жобаларына ғылыми жетекшілік ету туралы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ PhD докторы, қауымдастырылған профессоры И.М. Увалиева айтып берді.
«ШҚО-да инклюзивті білім беруді дамыту» бағыты бойынша облыстық ПМПК міндетін атқарушы Р. Т. Байчинов баяндады.
С. Аманжолова атындағы ШҚУ -дың «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы А. К. Алипова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен ЖОО-ның тығыз ынтымақтастығы туралы мәлімдеді.
Практикалық қазақ тілін үйренуге бағытталған «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасын іске асыру туралы әдістемелік орталықтың әдіскері Г. М. Абышева таныстырды.
«Қонақжай отбасы» жобасының табысты болуында Катонқарағай ауданының қабылдаушы отбасылары үлкен рөл атқарды. Жобаға қатысушы-балалар үшін іс жүзінде екінші отбасы болған Катонқарағай ауданының «С. Ластаев атындағы орта мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі А. Е. Мергазина жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтары бар «Жанартау» бөбекжай-балабақшасына, «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау (autism-орталығы) орталығына, С. Аманжолов атындағы ШҚУ -дың «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына және «Ақниет» мектеп-интернатына барып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/587377?lang=kk