Бүгін ведомствоаралық кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындыланды.
Оған Президент Әкімшілігінің, Ұлттық банктің, Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Оқу-ағарту, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ, қоғам өкілдері қатысты.
Соңғы үш жылда мемлекет білім саласын дамытуға 12,1 триллион теңге бөлді.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы екі есеге, ал ғылыми дәрежесі мен сабақтан тыс қосымша жүктемелері болған жағдайда – үш есеге арттыруға мүмкіндік берілді. Әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, білім беру саласы ең көп жемқорларланған салалардың бірі болып қалуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын ескере отырып, Оқу-ағарту министрі білім беру саласы құқықтық нормаларды күшейту және үдерістерді цифрландыру тұрғысынан үнемі жетілдіруді қажет ететінін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ведомствоаралық «жол картасы» қабылданды.