
Семинар-кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері қатысып, білім беру ұйымдарында талаптарды сақтау бойынша сұрақтарға жауап берді.
Лицензиялау саласының мамандары барлық өңірлерде білім беру қызметін лицензиялау бойынша бірыңғай тәсілдерді қолдануды талқылады. Әріптестер тиімділікті арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту мақсатында тәжірибе алмасты.
Пікір алмасумен шектелмей, мамандар Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейіне барып, білім берудегі жаңа инновациялармен танысты.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінде Қорғанбаева Гүлмира Аманжолқызының «Көшбасшылық және тұлғалық даму» тренингіне қатысты.
Сарапшылар бұл шараның мазмұны мен пайдасын атап өтті. Комитетке алғыстарын білдірді.
Мұндай семинар-кеңестер алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өткім келеді.