Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында Оқу-ағарту министрлігі білім басқармаларына кешенді зерделеу жүргізеді.
Зерделеу тек білім басқармаларына ғана қатысты болады. Зерделеу тобы балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.
Зерделеудің негізгі мақсаты білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды анықтау және үздік өңірлік тәжірибені айқындау болып табылады. Сондай-ақ зерделеу барысында Министрліктің комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өңірлерге әдістемелік көмек көрсететін болады.
Зерделеу жүргізу үшін өңірлік басқармалар қызметінің барлық бағыттарын қамтитын арнайы өлшемшарттар әзірленді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін жетілдіру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беріледі.
Білім басқармаларын зерделеуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының басшылары тартылмауы тиіс екенін тағы да еске салғым келеді. Мектептер мен колледждер үшін жазғы демалыс басталды, мұғалімдер бекітілген кесте бойынша демалысқа шығады, олардың бір бөлігі бітіру емтихандарынан кейін еңбек демалысын ала алады.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық педагогтерге 2022-2023 оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді және жақсы демалыс тілейді!