
Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар!
Сіздерді Білім күнімен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқудың басталуы жарқын мереке. Біздер жаңа оқу жылының басталуын атап қана қоймай, ұстаз бен оқушының еңбегін құрметтейміз, білім мен ғылымның маңыздылығы мен басымдығын мойындаймыз. Бұл мереке Сіздерді алға қойған мақсаттарыңызға қажырлылықпен жетуге және жетістіктерге шабыттандырсын!
Балаларыңыз мақтаныштарыңыз болсын, әр баланың қабілеті мен талантының ашылуына қолдау жасап, көмектеріңізді көрсетіңіздер!
Құрметті ұстаздар, Сіздерге зор денсаулық, төзімділік, оқушылармен өзара түсіністік және оқу жылына сәттілік тілейміз! Білім алуда жолдарыңыз ашық болсын!