
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 320 бұйрығымен Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелеріне өзгерістер еңгізілді.
Ғылыми атақтар беру кезінде негізгі талаптардың бірі - ол ғылыми мақалалардың, соның ішінде халықаралық рецензияланған ғылыми басылымдарда жариялануы. Бұл ретте ғылыми жұмыстың түрі мен мазмұны да, жариялау үшін таңдалған журналдың сапасы да маңызды болады.
Сондықтан түзетулер жарияланымдар мен ғылыми журналдарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған.
Осылайша, өзгерістер мерзімді ғылыми басылымда үміткердің мамандығы бойынша жарияланған «мақала» немесе «шолу» жарияланымының форматын нақтылауды көздейді.
Маңызды жаңалық - Scopus және/немесе Web of Science базасында индекстелуі тоқтатылған журналдардағы мақалалар енді ескерілмейді. Ғылыми зерттеудің жаңа, бұрын жарияланбаған нәтижелері болуы тұрғысынан жарияланған мақаланың мазмұны да сараптамалық бағалауға жатады.
Халықаралық ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде енді Clarivate Analytics компаниясының Derwent Innovations Index деректер базасына енгізілген Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одақтың және Жапонияның патенттері ғана теңестірілетін болады. Олар ғылыми мақалалардың 20% - дан астамын алмастырады.
Ғылыми атаққа үміткердің отандық басылымдарда жарияланымдары жетіспей, ал халықаралық рецензияланатын басылымдарда асып тұратын жағдайда, мұндай журналдағы 1 мақала Комитет ұсынған басылымдарда жарияланған 2 мақаланы алмастыра алады.
Қабылданған түзетулер үміткерлерді ғылыми басылымдар таңдағанда және мақала жазғанда сапалық өлшемдеріне бағыттайтын болады. Әрине бұл қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің деңгейін де жоғарылатуға әсерін тигізеді.