
2021 жылғы 27 маусымнан бастап Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға енгізілген (10.06.2021 ж. № 283 бұйрық) жаңа талаптар күшіне енді.
Өзгерістер Комитет ұсынатын Басылымдар тізбесіне статусы библиометриялық базалардағы индексациясымен расталған шетелдік және отандық журналдар автоматты түрде енгізілетінін көздейді. Бұл Clarivate Analytics компаниясының түрлі индекстеріне және Scopus деректер базасына кіретін шетелдік және отандық журналдар.
Мысалы, оларға Clarivate Analytics компаниясының Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Russian Science Citation Index және Emerging Sources Citation Index индекстеріне немесе Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналдар жатады.
Clarivate Analytics компаниясының Russian Science Citation Index және Emerging Sources Citation Index индекстерінде бар немесе Scopus деректер базасына енгізілген отандық журналдар олар жасырын рецензиялауды қолданғанда және ғылыми мақалалардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар сақтаған жағдайда ғана Комитет тізіміне автоматты түрде енгізілетін болады.
Баспалардың жауапкершілігін және Басылымдар тізбесінің деңгейін сақтау үшін оған енгізілген ғылыми басылымдарды бекітілген талаптарға сәйкестілігіне әр мерзімде тексерілетін болады. Талаптарды бұзу фактілері анықталған ғылыми басылымдар мерзімнен тыс тексеріске ұшырайды.
Сонымен, енгізілген өзгерістер ғылыми журналдардың Басылымдар тізбесіне енгізудің және, қажет болған жағдайда, одан алып тастаудың ашық тетігін қамтамасыз етеді.