Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы

Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы

Ағымдағы жылғы 12-18 мамыр аралығында аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің базасында педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі – ККО) кезектен тыс отырыстары өтті.

Отырыстарда ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) барысында педагогтер тарапынан педагогикалық әдептің бұзылуы туралы мәселелер қаралды.

2021 жылғы 13-30 сәуір аралығында ҰБТ қағидаларын бұзғаны, атап айтқанда тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) пайдаланғаны үшін 259 педагогтың нәтижелері жойылды.

Осыған байланысты, академиялық адалдықты қалыптастыру, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған педагогтар ККО отырыстарына шақырылды.

Педагогтердің жоғары атағының беделін түсіретін осындай іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша педагогтерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отырыстардың қорытындысы бойынша ҰБТ қағидаларын бұзған педагогтердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және барлық педагогтермен академиялық адалдық қағидаттарын мүлтіксіз сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта барлық педагогтар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 193 (74,5%) педагогке ескерту, 60 педагог (23,2%) сөгіс, 6 (2,3%) педагогке қатаң сөгіс түрінде жарияланды.