
Қазақстандық мектептер мен колледждерде білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу енгізілуде. Тиісті қағидалар 2021 жылдың 23 мамырынан бастап күшіне енді. ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ.
Жаңалық функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтау, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдану үшін енгізілуде.
ББЖМ мектептерде білім сапасын арттыруға және қалалық пен ауылдық оқушылардың арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған.
Алынған қорытынды нәтижені талдап, білім беру қызметінің сапасын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге мұқтаж білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
ББЖМ-ны мектептерде 2021-2022 оқу жылының сәуір айында өткізу жоспарланып отыр. Білім мониторингіне 4 және 9 сынып оқушылары қатысады.
Кооледждегі ББЖМ 2021-2022 оқу жылының қараша айында өткізу жоспарланып отыр. Әдепкіде мониторинг жалпы білім беру пәндерін меңгеруді өлшеуге бағытталатын болады, одан кейін мониторинг кәсіби модульдарды меңгеру немесе жалпыға міндетті білім беру талаптарына сәйкес жалпы кәсіби, арнайы пәндерді меңгергенін көрсетеді.
ББЖМ компьютерлік тестілеу форматында өтетін болады. Бұл білім беру ұйымдарының жалпы санының 25 %-ды құрайды.