
Білім беру бағдарламаларын бағалау әдістемесі жұмыс тобының ұсынымдары есепке алынып жетілдірілді. Оның құрамына жұмыс берушілер, ЖОО өкілдері, «Академиялық адалдық лигасы» оқу орындарының қауымдастығы, Назарбаев Университеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі және т.б. кірді.
Білім беру бағдарламаларын бағалаудың жаңартылған әдістемесі ҚР ҰЭМ жанындағы Экономикалық зерттеулер институтында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінде және Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығында сараптамадан сәтті өтті. Сарапшылар жаңартылған әдістемеге оң бағасын берді.
Әдістеменің жетілдірілуі ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының сапасын артуына да әсерін тигізді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушінің қанағаттанушылығы мен білім беру бағдарламаларының өзектілігі 2018 жылмен салыстырғанда 24,6%-ға өсті.
ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын бағалауды 2018 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» ҰКП жүргізуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары білім беру жүйесінің ақпараттық базасына рұқсаты бар және де ЖОО-лар зерттеуге арналған қажетті материалдарды ұсынып отыр.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға жұмыс берушілерді тартуда. Сарапшылар шамамен 2000 білім беру бағдарламаларының бітірушілердің мансап болашағы, білім беру бағадарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістігі сияқты басты критерияларына талдау жасауда.
Білім беру бағдарламаларын бағалаудың қорытындысы бойынша ЖОО-ларға жолданатын білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жұмыс берушілердің қатарынан құрылған сараптамалық топтың бағалауын есепке алады.
Академиялық дербестік ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын өз алдына әзірлеуге және зерттеудің қорытындысы бойынша ұсынымдарды есепке ала отырып жетілдіруге, сондай-ақ жұмыс берушілермен келісуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ЖОО-лардың білім беру бағдарламалары сапасының жақсаруы байқалатынын атап өту керек.
Білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындысы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде ескеріледі.
Осы оқу жылында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келмейтін 36 ЖОО жіберілген жоқ.