
Соңғы жылы PhD докторантурасы және диссертацияны қорғау жүйесінде ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған айтарлықтай өзгерістер болды.
Ағымдағы жылы 9 наурызда Министрдің № 98 бұйрығымен Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге өзгерістер енгізілді, 29 наурыздан бастап күшіне енді.
Аталған өзгерістер докторанттың диcсертациясын сараптамалық бағалау сапасын, диссертациялық кеңестің, ғылыми кеңесшілердің және рецензенттердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Докторанттарға өз зерттеулерін жариялау үшін баламалы мүмкіндіктер жасалды.
Докторант ең жоғары библиометрикалық көрсеткіштері бар журналды таңдай отырып, қорғауға 2 немесе 1 мақала негізінде шыға алады. Бұған докторант 1 курстан-ақ жарияланымға арналған журналдарды дұрыс стратегиямен таңдау арқылы келе алады. Осы жылдың өзгерістері докторанттар үшін басқа да опцияларды көздейді. Қорғауға шығу үшін докторантта екі нұсқа бар:
- диссертациялық жұмысты дағдылы форматта жазу;
- Q1-Q2 WoS журналдарында 2 мақала мен 1 шолудан тұратын серияны жариялау;
Бұл жерде докторант мақаланың біреуіне бірінші автор немесе хат-хабарларға арналған бірінші автор болу керек.
2-нұсқаны таңдауда докторантқа басқа мақалаларды жариялаудың қажеті жоқ.
Диссертациялық кеңестің икемді құрамы қарастырылған. Онда ЖОО-ның Ғылыми кеңесі сайлаған кеңестің тұрақты мүшелері (төраға, төрағаның орынбасары және ғылыми хатшы) және докторлық зерттеудің тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне сайланған уақытша мүшелер бар.
Ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензеттердің жауапкершілігі қарастырылған. Докторанттармен нашар жұмыс істегені немесе нашар рецензия үшін олар 5 жылға дейін «қара» тізімге ілінуі мүмкін.
Диссертациялық жұмыс ЖОО-ның және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сайтында уақыты шектеусіз қол жетімді болады;
- көпшілік алдында қорғау интернет желісінде тікелей онлайн режимінде трансляциялау арқылы өтетін болады.
Бұл қабылданған жаңалық диссертациялық кеңестерде қорғаудың объективтілігін және докторант диссертациясының сапасын арттыруға негіз болады.