
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүзеге асырып отырған барлық қазақстандық колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізу аясында ағымдағы жылдың басынан бастап 87 колледж 205 мамандық бойынша лицензияны қайтару туралы шешім қабылдады.
Осы жұмыстың нәтижесінде колледждер оқытылмайтын немесе мамандығы оқу мекемесінің профиліне жатпайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады.
Бұл көбінесе еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтарға және белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспегендіктен білім беру бағдарламалары іске асырылмаған колледжерге қатысты болғанын атап өту керек.
Өткен жылы шамамен 200 колледж 500 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарды.
Бұл колледждерді бейіндеуге және «сұранысқа ие» және «мықты» мамандарға ден қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға әсерін тигізеді.