
Қазақстан Республикасында Ғылым күні PhD докторлық дәрежесі бар жас ғалымдар үшін де ерекше күн.
Соңғы 5 жылдың ішінде ЖОО-ларда бітіріп шыққан докторанттар 4056 адамды құрады, олардың 1740-ы диссертация қорғады, философия докторы дәрежесін алғандар -1641.
Сонымен, осы уақыт аралығында диссертация қорғаған докторанттар 42,8 %-ды құрады.
Мұндай көрсеткіштің жалпы шетелдік ЖОО-лардағы - 40%-60% деңгейдегі осыған ұқсас деректермен өзара байланыстығы бар, мысалы, 5 жыл ішінде Автралияда - 50%, 9 жыл ішінде Канадада - 56%-78%, 10 жыл ішінде АҚШ-та 49%-65%.
Осы жылдары докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің қалыптасу тетігі мен қызметі де өзгерді.
Қазіргі уақытта қорғауларды 182 диссертациялық кеңес өткізеді. Олардың ішіндегі 81 диссертациялық кеңес ерекше мәртебесі бар ЖОО-ларда жұмыс істейді, философия докторы (PhD) дәрежесін дербес және өз алдына береді.
Соңғы жылдары қабылданған өзгерістер докторанттардың құқығын күшейтіп, олардың қорғауы объективті өтуін, докторанттың диссертациясын сараптамалық бағалау сапасын арттырады, диссертациялық кеңестің, ғылыми кеңесшілердің және ресми рецензенттердің жауапкершілігін арттырады.
Осылайша, жасалған жағдайлар ғылыми кадрларды ұдайы өсіру үшін жас ғалымдарды білікті және дайын етіп шығаруда бағытталған.
Мерекелеріңізбен, қымбатты достар!