Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне 10 жыл

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне 10 жыл

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне 10 жыл

Осыдан тура 10 жыл бұрын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) құрылды.

Аумақтық департаменттер білім саласындағы орталықтандырылған бақылау шараларын, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл арқылы іске асыру үшін құрылды.

Аумақтық департаменттері жұмыс істеген уақыт ішінде білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылаудың 20 мыңнан астам шаралары жүргізілді.

Білім саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын 15 мыңнан астам бұзушылығы анықталды, нәтижелері бойынша оларды жоюдың тиісті шаралары, сондай-ақ тәртіптік және әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Қызметтегі назарды бақылау іс-шараларынан сапаны қамтамасыз ету шараларына ауыстыру мақсатында 2019 жылдан бастап аумақтық департаменттердің атауы білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері болып өзгерді.

 Бүгінгі таңда аумақтық департаменттер білім беру сапасын сыртқы бағалау бойынша шаралар кешенін, оның ішінде түрлі мониторингтік іс-шараларды жүзеге асыруда.

2020 жылдан бастап аумақтық департаменттер педагогтың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты әкімшілік шараларды қабылдау және істерді тиісті консультативтік-кеңесші  органдарда қарау шеңберінде белсенді түрде жүзеге асыруда.

Білім саласында заңнаманы, оның ішінде педагогтың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне хабарласуға кеңес береміз