
Ағымдағы жылдан бастап ҚР БҒМ өңірлік Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанында еліміздің барлық өңірінде Педагогикалық этика және педагог құқығын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейді.
Кеңестің негізгі міндеті педагогтардың педагогикалық әдепті сақтау, педагогтарға қатысты заңнаманы бұзу фактілері және тиісті шараларды қабылдау мәселелерін алқалық қарау болып табылады.
Кеңестерді өңірлік Департаменттердің басшылары басқарады, құрамына білім басқармаларының, білім қызметкерлері кәсіподағының, «NUR OTAN» партиясының өңірлік филиалдарының, Мемқызмет істері агенттігінің басшылары, маслихат депутаттары және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Қазіргі таңда, барлық Департаменттер Кеңес отырыстарын өткізді, жұмыс жоспарын бекітіп, негізгі міндеттерді айқындады.
Кеңестерге педагогтардың өтініштері келіп түсуде. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының кеңестері бірінші тоқсанда білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдепті сақтамағаны жөніндегі 9 өтініш қарады. Нәтижесінде 8 білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.
Осы айтылғандарға байланысты барлық білім беру объектілеріне педагог құқығы мен мүддесін бұзбауға ұсыным береміз, ал кез-келген бұзу фактілері пайда болған жағдайда өңірлік Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне ресми түрде жүгініңіздер.