
Ағымдағы жылғы 17 қарашада ашық НҚА порталында «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылды.
Бұйрықтың жобасын даярлауға Қазақстан Республикасы Білім және мғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жанындағы Жұмыс тобының және ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Комитет бұйрықтың жобасы бойынша әлеуметтік желілерде, ашық НҚА порталында талқылаудың нәтижесінде түсіп жатқан барлық ұсыныстарыңыз үшін ризашылығын білдіреді. Ұсыныстарыңыз назарға алынып, бекітілген рәсімдер аясында қаралатын болады.