Меню

Страницы

Статья

Жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың I жартыжылдығы)

2026 жылдың I жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 251 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 151 (60,1%), нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша – 13 (5,2%), прокурордың талап етуі бойынша – 62 (24,7%), мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 25 (9,9%) тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауына, білім беру ұйымының жарғысында айқындалған функцияларды орындамауына, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына тағайындауға конкурс өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес келмеуіне және өзге де бұзушылықтарға байланысты 281 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Ең көп анықталған бұзушылықтар көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуіне, білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары мен білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидалары талаптарының сақталмауына, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттердің орындалмауына қатысты болды.

Аталған бұзушылықтарды жасағаны үшін білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Дата публикации
27 июля 2026
Дата обновления
27 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Лицензиялау (2026 жылдың бірінші жартыжылдығы)
Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау (2026 жылғы 1-ші жартыжылдық)
Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы )

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы