Халықаралық ынтымақтастық

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволары мен оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396 бұйрығына сәйкес Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің функцияларына білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық білімін, мәтінді түсіну сапасын және компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау, сондай-ақ мұғалімдердің жұмыс жағдайларын бағалау бойынша бойынша халықаралық зерттеулер жүргізуді үйлестіру кіреді.

Халықаралық ынтымақтастық білім беру саласында салыстырмалы зерттеулер жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында 6 халықаралық салыстырмалы зерттеулерін (PISA, PBTS, TIMSS, ICILS, PIRLS, TALIS) жүргізуді «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

PISA

2023 жылы PISA-2025 зерттеуінің жаңа циклына және PISA-2022 циклын  қорытындылауға дайындық жүргізілуде.

2023 жылғы ақпанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі – ЭЫДҰ) PISA-2025 жаңа циклі туралы келісім жасалды

2022 жылы 80-нен астам әлем елдерінің қатысуымен PISA зерттеуінің сегізінші циклі өтті және инновациялық бағыт шеңберінде алғаш рет 15 жастағы білім алушылар арасында креативті ойлау дағдылары бағаланды.

Орталық PISA ұлттық жобау менеджерлерінің 1-ші кездесуіне және ЭЫДҰ халықаралық орындаушысының шақыруы негізінде PISA PGB (PISA Governing Board) Басқарушы кеңесінің 55-ші отырысына қатысты.

Мектептерге арналған PISA

2023 жылы ЭЫДҰ-ның «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің кезекті циклына дайындық жүргізілуде, ол еліміздің 20 өңірінде 1000 қазақстандық білім беру ұйымдарын қамтуды жоспарлап отыр.

«Мектептерге арналған PISA» зерттеуі білім беру ұйымы деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізуге бағытталған. Зерттеу қорытындысы бойынша мектептер/колледждер еліміздің басқа білім беру ұйымдарымен және зерттеуге қатысушы басқа елдермен салыстырғанда 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі туралы талдамалық есептер алады.

Есепті кезеңде Орталық ЭЫДҰ-мен «Мектептерге арналған PISA» цифрлық тестілеуді әкімшілендіруге келісім жасасу және Қазақстанда 2023-2024 жылдарға арналған тиісті қызметтер бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді, келіссөздер қорытындысы бойынша 2023 жылғы 30 наурызда ЭЫДҰ-мен келісім жасалды.

TIMSS

2023 жылы 17 облыста және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 10 сәуір мен 22 мамыр аралығында TIMSS-2023 негізгі зерттеуі өткізілді. IEA халықаралық қауымдастығының іріктеуіне сәйкес TIMSS-2023 зерттеуіне қатысу үшін еліміздің 20 өңірінен 195 мектеп іріктелді.

2023 жылғы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Прага қаласында (Чехия) TIMSS-2023 Ұлттық зерттеу үйлестірушілерінің 6-шы Халықаралық кездесуі өтті. Осы кездесуде TIMSS-2023 негізгі зерттеуінің ашық сұрақтарына жауаптарды кодтау бойынша тренинг өткізілді.

ICILS

2023 жылы 17 облыста және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 10 сәуір мен 22 мамыр аралығында ICILS-2023  негізгі зерттеуі өткізілді. IEA халықаралық қауымдастығының іріктеуіне сәйкес ICILS-2023 зерттеуіне қатысу үшін еліміздің 20 өңірінен 176 мектеп іріктелді.

PIRLS

2023 жылы Қазақстанның PIRLS-2021-ге қатысуын қорытындылау және PIRLS-2026 жаңа цикліне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Орталық халықаралық дерекқорды талдау бойынша PIRLS-2021 циклінің 9-халықаралық кездесуіне және бағалау шеңберін қарастыру бойынша PIRLS-2026 циклінің 1-халықаралық кездесуіне қатысты.

Қазіргі уақытта Орталық пен IEA Халықаралық білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығы арасында ҚР-ның PIRLS-2026-ға қатысуы туралы Келісім жасау және оған қол қою процесі жүргізілуде.

TALIS

2023 жылы ЭЫДҰ TALIS-2024 зерттеуінің жаңа циклінің жұмыстары жүргііліп жатыр, ол елдің 20 өңіріндегі 399 ұйымдағы 8 мыңға жуық мұғалімді қамтуды жоспарлап отыр.

2023 жылғы 4-5 шілде аралығында Париждегі (Франция) ЭЫДҰ штаб-пәтерінде TALIS Басқарушы кеңесінің 12-ші отырысы өтеді. Отырыста апробация қорытындысы талқыланып, 2024 жылға негізгі зерттеуге дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ, 2023 жылдың 14-15 қыркүйегінде өткізілетін апробациялық зерттеудің нәтижелерін талқылауға арналған жоспарланған арнайы онлайн сессиясы туралы ақпарат берілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Дата публикации
29 июня 2023