Пояснение по МОДО

Республика бойынша Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жалғасуда. Мониторинг алғаш рет жүргізілетінін ескере отырып, қоғамда тест тапсырмаларын өткізу және оқушыларға сауалнама жүргізу рәсімдеріне қатысты сұрақтар туындап отыр.

Мониторингке қатысты кейбір мәселелерді түсіндірейік:

Бұған дейін біз мониторингтің оқушылар мен мектептер үшін ешқандай құқықтық салдары жоқ екенін бірнеше рет хабарлаған болатынбыз. Мектептер жоғары балл алуды көздеп академиялық адалдық қағидаларын бұзбауы тиіс. Әрбір мектептің білім сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін мониторинг қорытындысының шынайы болу қажеттілігін түсінгеніңіз өте маңызды.

Тест тапсырмаларын біліктілігі жоғары тест мамандары оқыту тілінде (аударма емес) әзірледі және олар тиісті сараптамадан өткен. Тест тапсырмаларының мысалдарымен Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ресми сайтында келесі сілтеме бойынша тегін танысуға болады http://www.testcenter.kz/ru/shkolnikam/bbzhm-test-tasks/. Министрлік ақылы негізде сынама тестілеуін өткізбейді және өзге сайттарда орналастырылған тест тапсырмалары үшін жауап бермейді.

Сауалнама жүргізу сұрақтары PISA, PIRLS, TIMSS, TALIS сияқты халықаралық зерттеулер құралдарын ескере отырып жасалған. Білім алушыларға сауалнама жүргізу дәстүрі-бұл білім беру сапасын бағалау критерийлерінің бірі және әлемде тексерілген зерттеу әдісі. Сауалнаманы әзірлеуге әлеуметтанушылар, психологтар, ғалымдар, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, «Қазақ психологиялық қоғамы» және «Отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қоры тартылды.

ББЖМ-ны өткізу туралы біздің ресми парағымызда орналасқан ақпаратты басшылыққа алуды ұсынамыз.

Пояснения по МОДО
Дата публикации
22 апреля 2022