Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 3-тоқсаны)

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімін Ережеге сәйкес аумақтық департаменттер жүзеге асырады (ҚР  Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы).

2026 жылдың 3 тоқсанында Апостиль қойылған құжаттардың жалпы саны – 5 815, бас тартылған - 493, мерзімі бұзылып орындағаны – 0.

Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 3-тоқсаны)
Дата публикации
05 октября 2026