Жеке меншік мектептерге қауіпсіздік талаптарын орындау міндеттелді

Жеке меншік мектептерге қауіпсіздік талаптарын орындау міндеттелді

2025 жылдың 29 сәуір күні департамент басшысы З. Гумарова мен білім басқармасының басшысы Е. Сафуллин жеке меншік мектептердің директорлары мен құрылтайшыларымен кездесті.

Кездесу барысында З. Гумарова білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген негізгі өзгерістер туралы баяндады. Ол мемлекеттік мекемелермен қатар, жеке білім беру ұйымдарының да қауіпсіздік пен білім беру талаптарын қатаң сақтауы қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ жиында «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру саласындағы талаптардың орындалу барысы талқыланды.

Жеке меншік мектептерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №117 бұйрығына сәйкес қауіпсіздік талаптарын 2025 жылдың тамыз айына дейін толық қамтамасыз ету тапсырылды.