Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізді

Білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізді
2025 жылғы 28 сәуірде Білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізді. Бұл ұйымдар 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтетін болады.
 
Семинар барысында қатысушыларға келесі нормативтік құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді:
•Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»;
•Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 12 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы».
 
Семинар білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау талаптары бойынша хабардарлығын арттыруға және мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуге дайындық деңгейін жоғарылатуға ықпал етті.