Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті өңірлік департамент басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді

Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті өңірлік департамент басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді

ПОСТ-РЕЛИЗ
Астана қ., 2025 жылғы 15 сәуір

Білім  сапасын қамтамасыз ету комитеті өңірлік департамент басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді

2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім  сапасын қамтамасыз ету комитеті өңірлік білім департаменттері басшыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – аумақтық бөлімшелердің қызмет сапасын арттыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешуге бағытталған жүйелі тәсілдерді әзірлеу.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралған:
• Мемлекет басшысы мен министрліктің тапсырмаларын Білім басқармаларың сапалы орындауын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі;
• департаменттер қызметінде туындайтын қазіргі өзекті сын-қатерлер;
• білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен тәсілдер.

Практикалық бөлімде қатысушылар нақты проблемалық жағдайларды (кейстерді) талдап, оларды шешудің бағыт-бағдар берілген. Талқылау ашық диалог форматында өтті, бұл өңірлік пікірлер мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік берді.

Семинар қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Олар білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталатын болады.