Мектептерде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды

Мектептерде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінен 30 сәуір аралығында 4-9 сынып оқушылары арасында білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) өтеді. Оған облысымыздың 96 мектебі қатысады. Білім мониторингі үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеуден өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттары.

Айта кетейік, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – құқықтық салдары жоқ.

Халықаралық салыстырмалы зерттеулермен ұқсастығы мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулық пен тест-әкімші сценарий әзірленді. Сондай-ақ мониторинг барысында білім алушылардың білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін тест тапсырушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізіледі.

ББЖМ қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңіріне білім беру сапасын арттыру үшін жұмысты күшейту бағыттары нақты көрсетілген әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Мониторинг жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының өкілдері, арнайы оқытылған тәуелсіз бақылаушылар және облысымыздың білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.