
Департаментпен 2025 жылдың 21 ақпан күні білім басқармасы, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларымен 2024 жылдың қорытындылары мен алдағы міндеттер талқыланған кеңес өткізілді. Кеңесте өткен жылы өткізілген мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары, лицензиялау, педагогикалық әдеп мәселелері, білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды.
Жиында мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, білім беру сапасын арттыруға, балалардың құқықтарын қорғауға, педагог мәртебесін қолдауға қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету, білім сапасына әсер ететін факторларға назар аударылды.
Департамент қызметкерлері кеңеске қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар берді.