
2025 жылдың 23 қаңтарында Сервис және жаңа технологиялар колледжісінің базасында Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлар кеңесінің отырысы өтті. Аталған кеңеске департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С. М. Жумагереев қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша лицензиялау мәселесі туралы баяндады.
2024 жылы мамандықтар бойынша білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізілген болатын.
Кеңес барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары тарапынан мамандықтар бойынша лицензиялау мәселелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.