Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы жүргізілген мемлекеттік ақпараттық- түсіндіру шаралары туралы

Батыс Қазақстан облысының  білім саласында сапаны  қамтамасыз ету департаментімен  2024 жылы жүргізілген мемлекеттік  ақпараттық- түсіндіру шаралары туралы

Департаментпен білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында мемлекеттік бақылау шаралары, білім беру саласына қатысты нормативтік құжаттар қатысты ақпараттық түсіндіру шаралары өткізілді.

Облыстың білім беру ұйымдары педагогтерімен, басшыларымен және білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңестің төрағаларымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңдарының нормаларын, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» ережелерді қолдану бойынша, білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп кеңесінің қызметіне қатысты оқыту семинарлары өткізілді.

Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдары қызметкерлеріне өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізу,  облыстық білім басқармасының қызметкерлері, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларына «Білім беру саласында жүргізілген бақылау шаралары»  тақырыптарында семинар-кеңестер өткізілді.

Департамент басшысы З.Гумарова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары мен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы  баяндаса,  «AQJAIYQ» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасына қатысты.

«Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында өткізілген семинарда тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында  «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында баяндама оқылды.