Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары туралы

Батыс Қазақстан облысының  білім саласында сапаны  қамтамасыз ету департаментімен  2024 жылы жүргізілген мемлекеттік  бақылау шаралары туралы

        Мемлекеттік аттестаттау жұмыстары. 2024 жылы Департаментпен 204 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

Мектепке дейінгі ұйымдар- 43 (оның ішінде 33 мемлекеттік, 10 жеке).

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары-161 (барлығы мемлекеттік).

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысында -19 (9,3%) білім беру ұйымы аттестатталса, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары-12 (27,9%), бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары - 7 (4,3%).

         Аттестатталмады-185 (90,7%).

         Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған негізгі кемшіліктер.

         Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу деңгейінде:

         Білім беру қызметінің Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі, тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болмауы және нәтижелерін талдауының сәйкес келмеуі, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болмауы және талдауының сәйкес келмеуі, жас топтарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескермеу, «Ұлттық білім беру деректер қорындағы» деректердің нақты деректерге сәйкес келмеуі анықталды.

Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша:

         Бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің сәйкес келмеуі, үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу  пәндерінің  базалық  мазмұнын  игерудің сәйкес келмеуі, вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарының толық іске асырылмауы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асырудың сәйкес келмеуі, педагогтердің тиісті бейіні бойынша кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруы қамтамасыз етілмеуі, «Ұлттық білім беру деректер қорындағы» деректердің  нақты деректерге сәйкес келмеуі, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың сәйкес келмеуі анықталды.

Біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексерулер.  Департаментпен 28 білім беру ұйымында біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде барлық білім беру ұйымында бұзушылықтар анықталды.  26 лауазымды тұлғаға, 2 лауазымды тұлғаға 45 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,  14 бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. 2 мектептің білім беру қызметіне берілген лицензиясының қолданылуы тоқтата тұрылды.

Біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеру нәтижесі педагогтердің біліктілік санаттарын уақтылы көтеруін қамтамасыз етуді, білім беру ұйымдарын жабдықтар мен жиһаздар, физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетті.

Жоспардан тыс тексерістер. Департаментпен 2024 жылы азаматтардан түскен өтініштерге сәйкес 7 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Олардың 1-і оқушыны мектепке қабылдау, 1-і педагогтарға аттестаттаудан өткізу жұмыстары, 5-і  педагогтерді жұмысқа қабылдау мәселелері болды. Барлық тексеріс нәтижесінде өтініштерде көрсетілген тиісті нормативтік құжаттар талаптары  бұзылғандығы анықталып, бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар берілді. 1 мектеп басшысына қатысты әкімшілік шара қабылданды, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық, Шыңғырлау, Бөкейордасы аудандарының прокуратурасымен бірге 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қатысты, Орал қаласының прокуратурасымен бірге Орал қаласының 46 мектебінің тексерісіне қатысты. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметтік хаты негізінде  Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» бұзушылығы анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар берілді.