Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

2024 жылдың 12 желтоқсан күні  Батыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Хаиров Дәурен Ерікұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Д.Хаиров  Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары туралы айтып өтті.

Департамент қызметкерлері кеңесте қаралған мәселелерге қатысты  өз сауалдарын қойып, жауаптар алды.