Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша семинар өтті

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша семинар өтті

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша түсіндіру мақсатында  «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізді. Семинарда білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас мамандары А. Кусаинова мен А. Онгарбаева мемлекеттік аттестаттауға байланысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіріп, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы негізінде мектептердің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы, өзін-өзі бағалаудың жасалуы туралы ақпарат берді. Сонымен бірге Департамент қызметкерлері білім беру ұйымдарымен өзін-өзі бағалау барысында жиі жіберілетін кемшіліктерге тоқталып, түсіндіріп өтті. Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.