Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілімен кездесу өтті

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілімен кездесу өтті

2024 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Батыс Қазақстан облысы басқармасының бөлім басшысы А.Б. Ниязова Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаметі қызметкерлерімен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Б. Ниязова тексеру жүргізу бөлігінде Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы нормалары бойынша түсініктемелер берді, электронды ақпараттық жүйені дұрыс толтырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің ӘҚБтК және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңында көзделген жауапкершілігін еске салды.